GAMBRO AK 98 диализ қондырғысы
|
|
|
Сипаттамасы:
Бұл пациенттердің көңіл-күйін және өмір сүру сапасын жақсарту үшін ең жақсы алмастыру бүйрек терапиясын ұсынатын диализ қондырғысы
Артықшылықтары:
GAMBRO фирмасы бүйрек және бауыр диализіне арналған өнімдер мен терапияны әзірлеу, өндіру саласында, бүйрек миеломасын емдеу, жіті және созылмалы аурулары бар науқастарды емдеудің басқа да экстракорпоралдық әдістері саласында көшбасшы болып табылады.
- Сенсорлық экран: жаңа ыңғайлы сенсорлық экран әрбір сеанстың оңай және тиімді жүргізілуіне мүмкіндік береді.
- Diascan функциясы: нақты уақытта диализ тиімділігін бақылауды қамтамасыз етеді
- Дабыл сигналдары: сыртқы дабыл индикаторы әрқашан ескертпелерді көру үшін мүмкіндік береді.
- Өңдеу арасындағы уақыт: жетілдірілген даярлау және дезинфекциялау процесі өңдеу арасындағы уақытты қысқартуға бағытталған
Шығарылған жылы:
2018
Саны:
26
|
BBraun Dialog+ «жасанды бүйрек» гемодиализ аппараты
|
|
|
Сипаттамасы:
Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі кезінде қанды экстракорпоралдық емдеу жүйесі
Артықшылықтары:
Жүйе пациенттердің, дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің ғаламдық қажеттіліктерін ескере отырып әзірленген.
B. Braun Dialog ® Plus гемодиализінің жаңа жүйесі эргономикалық дизайнмен ыңғайлы жұмыс жасауды ұсына отырып, күрделі медициналық технологияларды қамтиды.
Кіріктірілген ем статусының индикаторы диализдің қалыпты өтуін қашықтықтан көруге мүмкіндік береді немесе аппарат дабыл туралы сигнал береді. Dialog+ барлық халықаралық қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келеді.
Қолдану ауқымы:
- Ультрафильтрацияны бақылау-волюметриялық.
- Қан сорғысы-перистальтикалық, "жұмсақ бастау" жасайды, жылдамдығы 50-600 мл/мин..
- Қосылған кезде гепаринді автоматты болюсті енгізу, бағдарламаланатын гепаринизация.
- Ауа детекторы-ультрадыбыстық, барлық рәсім барысында автоматты тестілеу.
- Икемді пішіндеу: натрий, бикарбонат, ультрафильтрация жылдамдығы, диализат ағынының жылдамдығы (300-800 мл/мин), диализат температурасы, Антикоагуляция.
- Ацетатты және бикарбонатты диализ жүргізу. Концентраттардың кез келген жазбаларының бағдарламалық тапсырмасы. Бикарбонатты картриджді қосу мүмкіндігі.
- Аппараттың өндірген стерильді алмастырғыш ерітіндісін пайдалана отырып, on-Line режимде гемодиафильтрацияны жүргізу мүмкіндігі.
- Жоғары тиімді бір инелік диализ жүргізу мүмкіндігі (SN-cross-over).
- Процедура кезінде KT / V есептеу.
- Процедураның алдында барлық жүйелерді автоматты түрде тестілеу, қан контурын тексеру.
- Кіріктірілген сервистік бағдарлама аппараттың кез келген жұмыс режимінде сервистік экранға өту мүмкіндігін береді, гидравлика және электроника жұмысының графикалық көрінісін көрсетеді.
- Диалогтық жұмыс режимі, "HELP" мәзірі.
- Уақыт пен температура бойынша бағдарламаланатын химиялық және жылу дезинфекциясы. Дезинфекцияның апталық кестесін қою мүмкіндігі, жүргізілген дезинфекциялар туралы деректерді сақтау
- Автоматты өшіру және автоматты қосуды бағдарламалау
Шығарылған жылы:
2014, 2016
Саны:
14
|
«Гемма» плазмаферезге арналған аппарат
|
|
|
Сипаттамасы:
Плазмаферезді және гемосорбцияны қоса алғанда, экстракорпоралдық детоксикация процедураларын жүргізуге арналған аппарат.
Артықшылықтары:
- кіріктірілген қысым датчигі бар бірегей балласт контейнерін пайдалану;
- қандағы ұсақ ауа көпіршіктерінің (мусс деп аталатын) пайда болуын нақты бақылауға мүмкіндік беретін әуе тұзағындағы сұйықтық деңгейінің ерекше оптикалық бергіші бар. Бергіш мөлдір сұйықтықтарды толтыру кезінде де жұмыс істейді;
- дамыған қауіпсіздік жүйесі (сирету бергіші, қысым бергіші , деңгей бергіші, ауа бергіші, сорғылардың штаттан тыс жұмысын қадағалайтын бергіш, контейнердің толтырылмағанын қадағалайтын бергіш, қорғаныс шынысын бекіту бергіші, қауіпсіздік клапаны);
- Балалар мен ересектерге оңтайлы режимді белгілеу үшін жылдамдықты (1-ден 200 мл/мин-ге дейін) және қан алу көлемін (3-тен 10 мл-ге дейін), антикоагулянт пен қан көлемінің арақатынасын (1:5-тен 1:25-ке дейін), плазмофильтрге кірудегі қысымды (60-тан 240 мм-ге дейін сынап бағанасы) таңдаудың кең мүмкіндігі бар
- бастапқыда аз мөлшерде қанды толтыруға мүмкіндік беретін, бір инелі, сондай-ақ екі инелі схемалар бойынша жұмыс жасайтын қарапайым құрылымды магистраль
Шығарылған жылы:
2018
Саны:
2
|
ЛАЗМИК-ВЛОК лазерлік терапевтік аппарат
|
|
|
Сипаттамасы:
ЛАЗМИК-ВЛОК аппараты қызыл диапазонды ұзын толқындардың қанның көктамырішілік лазерлік сәулеленуіне арналған. Сәуле шығарғышта орнатылған шалаөткізгіш лазер сәулеленудің көзі болып табылады.
Артықшылықтары:
Аппарат автоматты таймер және процедура ұзақтығының сандық индикациясымен қамтылған. ЛАЗМИК сериялы аппараттарда жиілік диапазоны 10 000 Гц дейін кеңейтілді,бұл емдеудің тиімділігін арттырып, жаңа әдістемелерді қолдану бойынша кең мүмкіндіктерді ашады. ЛАЗМИК-ВЛОК аппаратының бірегей ерекшелігі - ол тек қызыл спектрлі сәулелену ғана емес, сондай-ақ ультракүлгін (УФО), инфрақызыл (ИҚ) сәулеленуін, сондай-ақ ұзын көк және жасыл спектрлі толқындарының сәулеленуін жүргізуге мүмкіндік береді.
Шығарылған жылы:
2018
Саны:
2
|
Contec - oxygen concentrator
|
|
|
Сипаттамасы:
Тыныс алу жүйесінің ауруларын, жүрек-қан тамырлары мен ми тамырларының ауруларын, өкпенің созылмалы обструктивті ауруларын, тұншықтырғыш газбен улану және гипоксияның басқа да ауруларын емдеу үшін қолданылады.
Артықшылықтары:
- Қоспаларды тазалауға арналған кірістірілген сүзгі
- Оттегі концентрациясы жағдайының индикаторы
- Уақыт бойынша жинақтау функциясы
- Уақыт бойынша өшіру функциясы
- Электр қуатының бұзылуы туралы дабыл қағу
- Жоғары / төмен қысымнан қорғану үшін дабыл берушісі
- Төмен жылдамдықты ағыннан қорғану үшін апаттық сигнал
Шығарылған жылы:
2016
Саны:
6
|
MEDOZONS-BM медициналық озон генераторы
|
|
|
Сипаттамасы:
"Медозонс БМ-03" озонаторы "дәстүрлі" озонотерапевтік процедураларды, сондай-ақ жергілікті липодистрофияны емдеу кезінде қолданатын, үлкен көлемді озонды тері асты инъекцияларын орындауға мүмкіндік береді.
Артықшылықтары:
- Толық автоматтандырылған операциялық жүйе.
- Төмен және орташа озон концентрациясының сенімділігі.
- Таңдалған концентрация мен озон шығынын баптауда жоғары дәлдік.
- 1 мкг / л-де 9950 градуция озонның концентрациясының өндіру мүмкіндігі.
- Озон-оттегі газ қоспаларының абсолюттік тазалығы- қауіпсіз және тиімді озонотерапияның КЕПІЛІ!
Шығарылған жылы:
2018
Саны:
1
|
EDAN SE-3 Электрокардиографы
|
|
|
Сипаттамасы:
SE-3 моделінің электрокардиографы тіркеу, мұрағаттау және ауруханаішілік желіге жүректің электр белсенділігі туралы ақпаратты беру мүмкіндігі үшін қолданылады
Артықшылықтары:
ЭКГ аппаратының техникалық және функционалдық сипаттамалары жүрек-қантамыр жүйесінің көптеген ауруларын, соның ішінде жүректің ишемиялық ауруы мен миокард инфарктісін бастапқы диагностикада анықтау үшін он екі жалпы қабылданған бөліністе электрокардиограмманы тез және тиімді шешуге мүмкіндік береді.
Құрал әр түрлі физикалық және химиялық факторлардың әсеріне төзімді, заманауи пластмассадан құралған мықты корпусты.
ЭКГ-ны сапалы алу және SE-3 электрокардиографының үздіксіз жұмысы түрлі артефактілер мен техникалық шуылдарды барынша азайтатын инновациялық технологиялармен және сүзгілер жүйесімен қамтылған. Сонымен қатар аппараттың кіріс контуры дрейфтің изосызығынан және дефибриллятордың электр зарядынан қорғаныспен жабдықталған.
Электрокардиографтың қазіргі замауи байланыс интерфейсі бар, ол принтерге және басқа да сыртқы құрылғыларға қосылуға, сондай-ақ Ethernet байланыс жүйесі арқылы жалпы ауруханалық желіге қосылуға мүмкіндік береді
Шығарылған жылы:
2018
Саны:
1
|
Ультрадыбыстық құрылғы Philips Affinity 50
|
|
|
Сипаттамасы:
Күрделі науқастарды тексеру кезінде сапалы визуализацияны қамтамасыз ететін тиімді және сенімді ультрадыбыстық аппарат. Ол қысқа уақыт ішінде дұрыс нәтиже алуға мүмкіндік береді. Жүйенің интуитивті түсінікті интерфейсі және пайдалану ыңғайлылығы дәрігердің күнделікті жұмысы — науқастарға көмекті — жағымды және нәтижелі көрсетуге көмектеседі.
Артықшылықтары:
Жоғары дәлдікпен қалыптасқан сәуле кеңістіктік және айқын ажыратымдылықты жақсартады, суреттердің біртектілігін арттырады, артефактілердің санын азайтады және шуды төмендетеді.
Тіннің ерекшелігін (Tissue Specific Presets, TSP) есепке алу үшін алдын ала орнатылған параметрлер арқылы оңтайландырудың ең аз қажеттілігімен сапалы бейнелерді ала отырып, әртүрлі зерттеу типтерінде 7500-ден астам параметрлерді автоматты түрде түзетуге мүмкіндік береді.
Тамаша пайдалану көрсеткіштері мен тиімді жұмыс процесі арқасында жылдам, дәл диагностика.
Аппарат күнделікті қажеттіліктерді ескере отырып әзірленген, пайдалануға ыңғайлы, мобилді және эргономикалық.
Шығарылған жылы:
2018
Саны:
1
|
СМАД BTL – 08 ABPM
|
|
|
Сипаттамасы:
"BTL-08 ABPM" халықаралық медициналық стандарттарға сәйкес бекітілген артериялық қысымды клиникалық және амбулаториялық өлшеуге арналған. Аспап артериялық қысымды өлшеудің осциллометриялық әдісін қолданады, бағдарламалық жасақтамамен басқарылады.
Артықшылықтары:
BTL-CardioPoint-ABPM артериялық қысымның кәсіби мониторингінің барлық заманауи талаптарына жауап береді. AHA, NICE және NHFA сәйкес артериялық қысымды автоматты талдау. Жүйе жеңіл, шусыз тіркеушті және интуитивті түсінікті бағдарламалық жасақтаманы пайдаланады. Жоғары дәлдікті өлшем сатылы дефляцияның бірегей әдісімен кепілденеді.
Шығарылған жылы:
2018
Саны:
1
|
BTL-08 HOLTER
|
|
|
Сипаттама:
BTL-08 HOLTER әлемдегі холтерлік мониторлаудың бірінші 24-биттік жүйесі болып табылады.
Артықшылықтары:
Жоғары классты үстел үсті электрокардиографының сигналымен кем келмейтін, сигналдың тамаша сапасы - холтер зерттеулерін жүргізу үшін ең жақсы шешім. Жазудың ұзақтығынан бастап жаңа жазбаның бастау әдісіне дейінгі барлық қондырғылар өзгертіліп, пайдаланушылардың қажеттіліктеріне сай бейімделуі мүмкін.Барлық жазылған деректер BTL CardioPoint бағдарламалық жасақтамасымен өңделеді.
BTL бағдарламалық қамтамасыз ету жүйесі ЭКГ жазбасын тез және кәсіби бағалауға мүмкіндік беретін бірегей құралдар қатарын пайдаланады.
Шығарылған жылы:
2018
Саны:
1
|